«Болашақ» жазғы демалыс лагері
Балаңыздың жазғы демалысын ұмытылмас, қызықты әрі пайдалы өткізгіңіз келе ме? Олай болса, «Болашақ» жазғы демалыс лагері таптырмас мүмкіндік! Мұнда балалар демалып қана қоймай, жаңа достар тауып, өз шығармашылығы мен білімін шыңдайды.
Биылғы жазғы демалыс лагері өз жұмысын 1 маусым мен 31 шілде аралығында жұмысын атқарады. Биылғы жазғы маусымда лагерь 7 түрлі бағыттағы ауысым (кезең) бойынша жұмыс жасайды:
I кезең: «Дыбыстар әлемі» (01.06 - 07.06)
II кезең: «Art шабыт» (10.06 - 16.06)
III кезең: «Сиқырлы қылқалам» (19.06 - 25.06)
IV кезең: «Roboland» (28.06 - 04.07)
V кезең: «Tourist Vibe» (07.07 - 13.07)
VI кезең: «Сөз мергені» (16.07 - 22.07)
VII кезең: «Білім керуені» (25.07 - 31.07)
Лагерьде балаларды не күтеді?
Лагерь аясында әр кезеңде 100 баладан, ал 7-ші кезеңде олимпиада резервіндегі 40 дарынды оқушы, барлығы 640 бала қамтылады. Балалардың уақыты барынша қауіпсіз, көңілді және танымды өтеді!
- БЕС мезгіл құнарлы әрі дәмді тағамдар;
- Күннің ыстығында сергітетін тап-таза бассейн;
- Тарихи-танымдық саяхаттар: «Хан Ордасы» тарихи-мәдени кешеніне, Ақпәтер ауылдық тарихи-өлкетану музейіне және аудандық, орталық музейлерге экскурсиялар;
- Шабыттандыратын кездесулер: Білім, спорт және өнер саласында үлкен жетістікке жеткен тұлғалармен және үздік ұстаздармен кездесу кештері;
- «Этно» бағытындағы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше шаралар мен сайыстар.
Балаңызға жарқын жаз сыйлаңыз! «Болашақ» лагерінде кездескенше!
Балалар шыгармашылығы және жана технологиялар орталығы
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының 2002 жылы 18 қарашасында берілген № 213 лицензиясына сәйкесті «Казталов аудандық Тәрбие жұмыстары орталығы» мемлекеттік коммуналдык-казыналық кәсіпорыны кұрылды. Куәлік 5173-1926-МК. 2002 жылы 5 қаңтардан бері жұмыс жасап келеді.
«Казталов аудандық Тәрбие жұмыстары орталығы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорыны 6 құрылымда жұмыс аткарды.
- Әкімшілік баскару бөлімі
- Үйірме жұмыстарының бөлімі
- Саз болімі
- Туризм және экология бөлімі
- Өндірістік-шаруашылық болімі
- Оқушыларды сауықтыру және жазғы демалысын ұйымдастыру
2007 жылы туризм және экология бөлімі жеке өз алдына бөлініп, 2008 жылы «Балалар жасөспірімдер туризм және экология орталығы» мекемесі болып кұрылып, жарғысы берілді.
2014 жылы саз бөлімі жеке өз алдына бөлініп «Саз мектебі» мекемесі болып құрылып, жарғысы берілді.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап оқушыларға жаңа технологияларды игерту, шығармашылықпен жұмыстануға бағыттау, робототехникаға және моделдерді жасауға қызығушылығын дамыту, мектеп бағдарламасындағы пәндер бойынша білімдерін кеңейту мақсатында мекемеге «Балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы» жаңа атау беріліп, өзгертілді.
2019 жылдан бері мекеме 2 құрылымда жұмыс атқарады.
- Үйірме жұмыстарының бағыттары: а) Қолданбалы өнер (ісмерлер, тоқыма, фетр, тұмарша, былғары, бисер, мүсін, сүйек, зергерлік және ағашпен жұмыс), б) интеллектуалдық спорттық багыт (дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ), в) гылыми-техникалық бағыт (кеме, жас техник, зымыран, модельдеу және макеттеу) және ІТ сыныбы (робототехника бағыт), г) Акындық-эстетикалық бағыт (ақындық, мәнерлеп оқу, өлең шығару, дебат, хореография)
- Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру:
«Болашақ» және «Акпәтер» жазғы демалыс лагерлері
Мекеме:
Салынған жылы 1974 жыл, кірпіштен салынган Мектеп ғимараты 1 кабатты, 50 орындық.
Ғимарат бір корпустан тұрады: 1 корпус (оқу кабинеттері 7)
барлық бөлме саны - 14
Жалпы окушы саны – 960
Ғимаратқа қамтылған бала саны- 225 оқушы (Би, шахмат, колөнер үйірмелері).
Қазіргі уақытта мекемеде 43 педагог, 39 үйірме жұмыс жасайды.
Түрлі бағыттағы үйірмелерге 960 оқушы қамтылуда. Ұжымда жұмыс жасайтын 43 мұғалімнің жоғары білімді мамандар 36, арнаулы орта 7.
Үйірме бойынша 39 педагогтың жоғарғы білімді 32, арнаулы орта 7. Екінші санатты мұғалім 2, модератор 11, сарапшы 9, зерттеуші 5, үшінші деңгей 1, калган мұғалімдер 15 разрядтағылар. Курстан өткен мұғалімдер 6.
