Балалар шыгармашылығы және жана технологиялар орталығы
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының 2002 жылы 18 қарашасында берілген № 213 лицензиясына сәйкесті «Казталов аудандық Тәрбие жұмыстары орталығы» мемлекеттік коммуналдык-казыналық кәсіпорыны кұрылды. Куәлік 5173-1926-МК. 2002 жылы 5 қаңтардан бері жұмыс жасап келеді.
«Казталов аудандық Тәрбие жұмыстары орталығы» мемлекеттік коммуналдық-қазыналық кәсіпорыны 6 құрылымда жұмыс аткарды.
- Әкімшілік баскару бөлімі
- Үйірме жұмыстарының бөлімі
- Саз болімі
- Туризм және экология бөлімі
- Өндірістік-шаруашылық болімі
- Оқушыларды сауықтыру және жазғы демалысын ұйымдастыру
2007 жылы туризм және экология бөлімі жеке өз алдына бөлініп, 2008 жылы «Балалар жасөспірімдер туризм және экология орталығы» мекемесі болып кұрылып, жарғысы берілді.
2014 жылы саз бөлімі жеке өз алдына бөлініп «Саз мектебі» мекемесі болып құрылып, жарғысы берілді.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап оқушыларға жаңа технологияларды игерту, шығармашылықпен жұмыстануға бағыттау, робототехникаға және моделдерді жасауға қызығушылығын дамыту, мектеп бағдарламасындағы пәндер бойынша білімдерін кеңейту мақсатында мекемеге «Балалар шығармашылығы және жаңа технологиялар орталығы» жаңа атау беріліп, өзгертілді.
2019 жылдан бері мекеме 2 құрылымда жұмыс атқарады.
- Үйірме жұмыстарының бағыттары: а) Қолданбалы өнер (ісмерлер, тоқыма, фетр, тұмарша, былғары, бисер, мүсін, сүйек, зергерлік және ағашпен жұмыс), б) интеллектуалдық спорттық багыт (дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ), в) гылыми-техникалық бағыт (кеме, жас техник, зымыран, модельдеу және макеттеу) және ІТ сыныбы (робототехника бағыт), г) Акындық-эстетикалық бағыт (ақындық, мәнерлеп оқу, өлең шығару, дебат, хореография)
- Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру:
«Болашақ» және «Акпәтер» жазғы демалыс лагерлері
Мекеме:
Салынған жылы 1974 жыл, кірпіштен салынган Мектеп ғимараты 1 кабатты, 50 орындық.
Ғимарат бір корпустан тұрады: 1 корпус (оқу кабинеттері 7)
барлық бөлме саны - 14
Жалпы окушы саны – 960
Ғимаратқа қамтылған бала саны- 225 оқушы (Би, шахмат, колөнер үйірмелері).
Қазіргі уақытта мекемеде 43 педагог, 39 үйірме жұмыс жасайды.
Түрлі бағыттағы үйірмелерге 960 оқушы қамтылуда. Ұжымда жұмыс жасайтын 43 мұғалімнің жоғары білімді мамандар 36, арнаулы орта 7.
Үйірме бойынша 39 педагогтың жоғарғы білімді 32, арнаулы орта 7. Екінші санатты мұғалім 2, модератор 11, сарапшы 9, зерттеуші 5, үшінші деңгей 1, калган мұғалімдер 15 разрядтағылар. Курстан өткен мұғалімдер 6.